Өнер көрсетілімін ұйымдастырмас бұрын райдермен мұқият танысып шығуды сұраймыз. Райдердің кем дегенде бір шарты орындалмаған жағдайда, әртіс ешқандай өтемақы төлемей өнер көрсетуден бас тартуға құқылы. Ал алдын ала төленген аванс қайтарылмайды. Райдерге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар алдын ала әртістің менеджерімен жазбаша түрде келісіліп бекітілуі керек.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
Осы райдер әртіс пен тапсырыс беруші/ұйымдастырушы арасындағы негізгі келісім құжаты болып табылады. Тұрмыстық және техникалық райдердің барлық талаптарын орындау міндетті. Егер қабылдаушы тарап (ұйымдастырушы/тапсырыс беруші) райдердің бір немесе бірнеше тармағын орындамаса немесе бұзса, әртіс ақшаны қайтармай, өнер көрсетуден бас тартуға құқылы. Кез келген өзгерістер мен түзетулер (техникалық немесе тұрмыстық райдер бойынша) алдын ала келісусіз енгізілмейді. Әртіспен қарым-қатынас кезінде: – артық еркіндік (фамильярлық) – дөрекілік – шектен тыс жақын сөйлесу – әртіс пен оның шығармашылығына қатысты жағымсыз пікірлер қатаң түрде қабылданбайды. Әртіс қонақтармен және алаң қызметкерлерімен селфи жасамайды. Барлық промоактивтер, сұхбаттар, автограф-сессиялар, фото және видео түсірілімдер алдын ала менеджментпен келісуі тиіс. Кез келген ақпарат, афиша және промо материалдар тек менеджменттің келісімінен кейін ғана қолданылуы керек. Әр концертке немесе іс-шараға әртіс өз қонақтары үшін 10-ға дейін шақыру билетін алуға құқылы.
ФИНАНС ШАРТТАРЫ:
Өнер көрсету күні 50% алдын ала төлем түскеннен кейін ғана бекітіледі. Сол уақыттан бастап ұйымдастырушылар жарнамалық материалдарды алып,әртістің шығуын жариялай алады. Қалған 50% суммасын әртіс өнер алаңына ұшуға бір күн қалғанда әртістің менеджеріне берілу қажет. Егер іс-шара тапсырыс берушінің бастамасымен кейінге қалдырылса, қалған 50% толық төленуі тиіс. Егерде Екінші рет кейінге қалдырылған жағдайда,тағы қосымша 50% гонорар төленеді.
ТРАНСПОРТ
Ұшу және келу уақыты (күні мен уақыты) әртіс менеджментімен алдын ала келісуі керек. Барлық әуе және теміржол билеттерін әртіс менеджменті ұйымдастырушы есебінен өзі сатып алады. Барлық билеттер (класс, категория, көлік түріне қарамастан) міндетті түрде қайтарымды болуы тиіс (айыппұлсыз). Қажет болған жағдайда ұйымдастырушы нормадан асатын багажды (жабдықтар, музыкалық аспаптар) төлейді — алдын ала менеджментпен нақтылау керек. Маршрут немесе шығу уақыты өзгерген жағдайда, менеджмент билеттерді ыңғайлы нұсқаға ауыстыруға құқылы. Сондай-ақ маршрут пен авиакомпанияны өздері таңдауға құқылы. Егер рейс бір немесе бірнеше ауысыммен болса немесе күту уақыты 2 сағаттан асса, ұйымдастырушы тамақ және басқа шығындарды толық өз мойнына алады.
Әуе тасымалы:
3 билет эконом-класс (Air Astana немесе Aeroflot, + My Seat)екі бағытта
максимум 1 пересадка
егер күту 2 сағаттан көп болса — барлық командаға бизнес/VIP зал
Теміржол:
тек фирмалық немесе жоғары жылдамдықты пойыз болса (Тальго, Сапсан жәнет.б.)
толық купе немесе СВ, бөгде адамдарсыз
Автокөлік:
бизнес/өкілдік класс (2020 жылдан кем емес)
4 орын
кәсіби жүргізуші
қалада болған уақытта көлік толық командаға бекітіледі
қалааралық сапарлар менеджментпен алдын ала келісуі керек
ГРАФИК КЕСТЕСІ:
Ұйымдастырушы әртістің келу-кетуіне қатысты толық графикті концерт күнінен кемінде 7 күн бұрын әртіс менеджерімен келісіп жіберуі керек. Әртісті әуежайдан немесе вокзалдан қарсы алу үшін ұйымдастырушылар тарапынан 1 адам «abdr.» деген жазуы бар табличкамен қарсы алуы тиіс. Алдын ала сол қарсы алатын адамның аты-жөні мен байланыс нөмірін менеджерге жіберу қажет. Қарсы алу кезінде көлікте жүргізушіден басқа ешкім болмауы керек және ішінде 0,5 л көлемінде 4 бөтелке газсыз су болуы тиіс. Әртісті шығарып салу: вокзалда — вагонға дейін, әуежайда — тіркеу стойкасына дейін. Егер іс-шара Қазақстаннан тыс жерде өтсе, ұйымдастырушы «abdr.» командасының барлығына шексіз байланысы мен интернеті бар жергілікті SIM-карталар беруге міндетті. Әртіспен кез келген байланыс тек менеджері арқылы жүзеге асырылады (оның ішінде ұйымдастырушылар да).
ҚОНАҚ ҮЙ:
Әртіс пен командасының қонақ үйде тұру уақыты келу сәтінен бастап кету сәтіне дейін есептеледі, қонақ үйдің check-in/check-out уақытына қарамастан. Егер команда қалаға ерте келсе, ұйымдастырушы қонақүйге ерте кіргізуді (early check-in) қамтамасыз етуі керек. Анкета толтыруға байланысты кідірістер болмас үшін, барлық бөлмелер мен кілт-карталар алдын ала дайындалып қойылуы тиіс. Қонақ үй концерт өтетін орынға мүмкіндігінше жақын орналасуы керек. Қонақ үйдегі таңғы ас міндетті түрде бағасына кіретін болуы керек. Командаға бір қонақүйде (кемінде 4*, «Люкс» деңгейі) төмендегі бөлмелер алдын ала брондалып, толық төленуі тиіс:
Люкс (1 номер):
Бөлмеде міндетті түрде:
Үлкен екі адамдық төсек
Күн сәулесін өткізбейтін қалың перде
2 халат
Бір реттік тапочкалар (4 жұп)
Tassay суы — 10 бөтелке (0,5 л және 0,25 л)
Стандарт бір орындық бөлмелер (2 номер):
Екі адамдық төсекпен
Барлық команда бір қонақ үйде, бір қабатта және бір броньмен орналастырылуы тиіс. Бұл талап міндетті және бүкіл тұру уақытына сақталуы керек.
Бөлмелерге ортақ талаптар:
Кондиционер
Суық мезгілде жылыту
Толық төленген мини-бар
Төленген Wi-Fi
Минералды су
Телефон
ТВ
Жұмыс істейтін дәретхана мен душ (ыстық сумен)
Таза төсек және сүлгілер
ТАМАҚТАНУ:
Тәуліктік төлем (суточные) мөлшері әртіс менеджментімен алдын ала келісіліп бекітілуі керек. Егер әртіс пен команда қалада бір күннен артық болса, тамақтану/суточные және тұру толық уақыт бойы қамтамасыз етілуі тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК
Әртіс пен команда болған бүкіл уақыт ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек: алаңда — гримёркаға, сахнаға шығу аймағына және сахна алдындағы периметрге жауапты, білікті күзет қызметі болуы тиіс. Өнер көрсету кезінде сахнаға және сахна артына әртіс командасынан, ұйымдастырушылардан, техникалық персоналдан және алдын ала келісілген адамдардан басқа ешкімнің кіруіне қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ сахнаға бөгде заттардың лақтырмауын бақылау қажет. Ұйымдастырушылар гримёркада, қонақүйде, көлікте жоғалған немесе бүлінген барлық заттарға, сондай-ақ дұрыс ұйымдастырылмаған күзет салдарынан келген кез келген шығынға толық материалдық жауапкершілік алады.
САХНА
Өнер көрсету кезінде сахна жанында әртістің талаптарын орындау және туындаған мәселелерді жедел шешу үшін сахна қызметкерлері болуы керек. Өнер көрсету кезінде сахнада міндетті түрде: — 2 дана ақ махровый сүлгі — 0,5 л көлеміндегі 4 бөтелке газсыз минералды су (пластик бөтелкеде, бөлме температурасында)
ГРИМЁРКА (ДАЙЫНДЫҚ БӨЛМЕСІ)
Әртіс командасының ғана пайдалануына арналған, құлыпталатын және күзеті бар гримёрка болуы керек. Сыйымдылығы кемінде 7 орынға есептелген. Бөлме бөлек,кең, таза, жақсы желдетілетін және жылы болуы тиіс. Мүмкіндігінше гримёрка сахнаға өте жақын орналасуы керек, ал әжетхана гримёрканың ішінде немесе соның жанында болғаны дұрыс. Сондай-ақ ыстық және суық суы бар раковина міндетті. Бүкіл уақыт бойы сенімді күзет қамтамасыз етілуі керек. Гримёркаға кіру көрермен залы немесе бөгде адамдар кіретін басқа аймақтар арқылы өтпеуі тиіс. Бөтен адамдардың, персоналдың немесе басқа артисттердің кіруіне қатаң тыйым салынады. Гримёрка алдын ала толық дайын болуы керек, барлық бытовой райдер шарттары сақталған. Бөлме құлыпталып, кілті концерт алаңына келген кезде әртіс менеджеріне беріледі. Маңызды: әртіске гример (make-up artist) өнер көрсетуден 1 сағат бұрын берілуі керек (нақтысы менеджермен келісіледі).
ГРИМЁРКА ЖАБДЫҚТАРЫ:
Осының барлығы саундчек басталғанға дейін әртістің гримёркасында дайын тұруы керек.
судан басқа барлығы салқындатылған, өнімдердің бәрі жаңа, ал жемістер жуылғанболуы тиіс. — Киім ілетін стойка (ілгіштерімен) — Ұзартқыш (удлинитель) және қоқыс себеті — Электр шәйнек және араластырғыштар — Құрғақ және ылғалды салфетка (2 қаптамадан) — Ұзын ақ және қара шұлықтар — 0,5 л газсыз су — 10 бөтелке — Жеміс ассорти (туралған) — Ет ассорти (туралған) — Көкөніс ассорти (туралған) — Қара шай, Greenfield жасыл шайы — Coca-Cola Zero 0,5 л — 5 бөтелке — Кейтерингке арналған үлкен үстел — Толық бойға арналған айна — Тамақ пен сусынға арналған ыдыс-аяқ — 2 ақ махровый сүлгі — Киім тазалауға арналған ролик — Антисептик және тіс шұқығыштар — Ірімшік ассорти — Қантсыз батончиктер BombBar — 2 дана — Кішкентай банка еритін кофе — А4 қағаздар және қара маркер — Ақ құрғақ шарап San Valentin — 2 бөтелке
Промо-материалдар
Концертке дейін кемінде 2 күн бұрын әртіс менеджментіне іс-шараға фото және видео түсірілім жасайтын СМИ өкілдерінің тізімі жіберілуі керек. Әрбір журналист міндетті түрде ресми журналист куәлігін көрсетуі тиіс.
Әртіс СМИ өкілдеріне немесе ұйымдастырушыларға түсірілімге рұқсат беруден бас тартуға құқылы. Пресса және фотографтармен барлық байланыс тек алдын ала менеджментпен келісілген жағдайда ғана жүзеге асады.
Концерттен кейін ұйымдастырушылар жергілікті баспасөз материалдары мен жарияланған фотолардың шолуын (есеп/обзор) ұсынуы керек.
Рекламалық кампания кезінде тек әртіс менеджменті берген ақпараттық материалдар, логотиптер және фотосуреттер қолданылуы тиіс. Менеджмент тарапынан берілген барлық баспа, фото, видео және биографиялық материалдар тек алдағы концертті жарнамалау мақсатында ғана қолданылады.
Ұйымдастырушылардың алдын ала жазбаша келісімсіз қандай да бір полиграфиялық, баспа, сувенирлік, цифрлық немесе киім өнімдерін өз бетінше жасауына тыйым салынады.
Концертті қолдайтын демеушілердің қатысуы әртіс менеджментімен міндетті түрде келісілуі керек.
Әртістің имиджі кез келген тауарлармен немесе қызметтермен тікелей немесе жанама түрде байланыстырылуы немесе қолданылуы тек жазбаша келісім арқылы ғана рұқсат етіледі.
ӨНЕР КӨРСЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Өнер көрсету бағдарламасының ұзақтығы алдын ала әртіс менеджментімен талқыланып, келісіліп бекітіледі.
Бағдарлама ұзақтығына қатысты кейінгі кез келген өзгерістер қарастырылмайды және қайта талқыланбайды.
ФОРС-МАЖОР
Форс-мажор — тараптардың еркінен тыс туындайтын, алдын ала болжауға немесе болдырмауға мүмкін емес жағдайлар: өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, жарылыс, террорлық әрекеттер, табиғи апаттар, әуе рейстерінің кешігуі немесе ауысуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдері.
Әртіс денсаулығына байланысты жағдай болса, концерт күні менеджермен келісім бойынша басқа күнге ауыстырылуы мүмкін.
Егер әртіс рейске (ұшақ/пойыз) кешігіп, концертке қатыса алмаса, 100% гонорар және билет құны ұйымдастырушыға 10 банктік күн ішінде қайтарылады.
Ұйымдастырушы әртістің мүлкіне зиян келтірсе немесе жоғалтса, оның толық құнын 10 банктік күн ішінде өтейді.
Егер әртіске моральдық (райдер талаптарын бұзу, дөрекі қарым-қатынас),материалдық немесе физикалық зиян келсе, ұйымдастырушы 100% гонорар көлемінде өтемақы төлейді.
Егер концерт әртіске байланысты емес себептермен ұйымдастырушы тарапынан тоқтатылса, менеджмент гонорардың 100%-ын өзінде қалдыруға құқылы.
Егер іс-шара ұйымдастырушының кінәсінен кейінге қалдырылса, қалған гонорар толық көлемде төленуі тиіс.
Қойылған талаптарды түсіністікпен қабылдағандарыңыз үшін рақмет! Сіздермен ұзақ әрі сәтті жұмыс істеуге үміттіміз.
ТЕХНИКАЛЫҚ РАЙДЕР
МАҢЫЗДЫ ӨТІНІШ! Райдермен танысып шыққаннан кейін, техникалық топ өкілі барлық сұрақтарды нақтылау және техникалық ұсыныстарды талқылау үшін әртістің дыбыс режиссёрымен байланысуы керек.
Райдерді келісу тек электронды пошта, Telegram немесе WhatsApp арқылы жүзеге асырылады.
Бұл құжатта әртістің концертін техникалық дайындау және өткізуге қатысты барлық қажетті ақпарат берілген. Барлық талаптар міндетті түрде орындалуы тиіс. Техникалық райдерді сақтау — іс-шараның сәтті өтуінің негізгі шарттарының бірі.
Райдер талаптары орындалмаған жағдайда, әртіс басқа жағдайларға қарамастан өнер көрсетуден бас тартуға құқылы.
Егер райдердің қандай да бір тармағын орындау мүмкін болмаса, бұл туралы концертке дейін кемінде 7 күн бұрын топтың дыбыс режиссёрына алдын ала хабарлау қажет.
Курсивпен, түспен немесе қалың әріппен белгіленген тармақтарға ерекше назар аудару керек.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет, нәтижелі әрі сәтті ынтымақтастыққа үміттіміз!
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
Техникалық райдерді толық қамтамасыз ету — әртістің сәтті өнер көрсетуінің ең негізгі шарттарының бірі.
Райдер талаптары орындалмаған жағдайда, әртіс командасы қандай да бір жағдайға қарамастан өнер көрсетуден бас тартуға құқылы.
Техникалық сұрақтарды нақтылау үшін әртістің дыбыс режиссёрымен байланысу қажет.
Райдер тек жазбаша түрде растау (кері оффер-лист) арқылы ғана келісілген болып есептеледі және ол концертке дейін кемінде 1 апта бұрын бекітілуі тиіс. Бұл мерзім ішінде кейбір тармақтарды өзгерту немесе нақтылау мүмкіндігі сақталады.
Әртіс дыбыс жүйесінің қуаты мен дыбыстық қысым талаптарға сәйкес келмеген жағдайда туындаған кез келген ақаулар үшін жауап бермейді.
1. SOUNDCHECK
Саундчек алдын ала, концерт күні нақты белгіленген уақытта, дайын дыбыс жабдығымен өткізілуі тиіс. Алаңдағы барлық жабдық дұрыс жұмыс істеп тұруы керек: қосылған, жерге қосылған, бапталған және әртіс келгенге дейін толық дайын болуы қажет.
Саундчектің басталуы — барлық техникалық жұмыстар толық аяқталған уақыт болып есептеледі.
Орташа ұзақтығы — 1 сағат, алаң толық дайын болған жағдайда.
Саундчек уақытының ұзақтығы тек ұйымдастырушылардың техникалық райдерді сапалы орындауына және жергілікті техникалық мамандардың кәсібилігіне байланысты. Егер саундчек 1 сағаттан асып кетсе, қосымша уақыт үшін әртіс жауапты емес.
Көрермендердің залға кіруіне саундчек толық аяқталып, жабдық бапталғанға дейін қатаң тыйым салынады.
Саундчек кезінде сахнада бөгде адамдар, басқа артисттер немесе топтар болмауы керек (тек техникалық персонал және ұйымдастырушылар өкілдерінен басқа).
Саундчек және концерт кезінде жарық бойынша маман, дыбыс инженері (алаңнан немесе прокат компаниясынан) міндетті түрде болуы керек.
Саундчек кезінде фото және видео түсірілім қатаң тыйым салынады.
2. P.A. SYSTEM
Акустикалық жүйе кемінде үш жолақты (3-way) болуы керек және бүкіл залды 40– 18000 Гц диапазонында біркелкі қамтуы тиіс. АЧХ ауытқуы ±3 dB шегінде.
Жүйе бүкіл зал бойынша кемінде 110 dB дыбыстық қысымды бұрмаланусыз қамтамасыз етуі керек. Мұндай деңгейде жүйе артық жүктемесіз, клиппингсіз,қалыпты режимде жұмыс істеуі тиіс.
Төмен жиіліктер (НЧ) FOH-тан бөлек шина арқылы басқарылуы керек.Колонкалар өндіруші ұсынған конфигурацияда ғана + headroom +6 dB резервімен орнатылады. Материал төмен жиіліктерге бай, сондықтан барлық компоненттер матрицалық пульт арқылы бөлінуі тиіс.
Алдыңғы қатарларды толықтыру үшін (in-fill / front-fill) жүйелер қолданылуы қажет. Линейный массив аспалы түрде бапталғаны жөн. Сыртқы күшейткішпен жұмыс істейтін барлық кабинеттер өндіруші ұсынған күшейткіштермен және оның коррекциясымен қолданылуы тиіс.
Артықшылық берілетін брендтер: • L-Acoustics • JBL VTX Series • D&B • Adamson • Meyer Sound Басқа брендтер дыбыс режиссёрымен келісім бойынша қарастырылады.
3. F.O.H Пульт
Міндетті түрде цифрлық консоль қолданылуы керек. Тек iPad арқылы басқарылатын микшерлерді қолдануға болмайды. FOH пульт жанында жарық шамы, ноутбук пен дыбыс картасына орын және кемінде 6 бос 220V розетка (50 Hz) болуы керек. Сахнамен байланыс үшін бір шағын активті акустикалық жүйе (интерком) қажет. Егер FOH зал ішінде болса, ол еденнен 0,4–0,6 м биіктікте болуы керек (подиум/райзер 3×2 м қолдануға болады).
Рұқсат етілген пульттер: • Yamaha CL5, QL5 • Avid DLive Нақты модель дыбыс режиссёрымен міндетті түрде келісіледі. Пультте кемінде 4 In/Out omni порт (direct out үшін) болуы керек.
4. ЭЛЕКТР ҚУАТЫ
Сахнадағы барлық жабдық бір электр фазасында болуы керек. Қабылдаушы тарап барлық радиожүйелерге батарейкаларды өзі қамтамасыз етеді. Батарейкалар жаңа, қаптамасы бұзылмаған болуы тиіс. Электр қуатын алдын ала ескертусіз және техникалық топтың келісімінсіз өшіруге қатаң тыйым салынады.
5. МОНИТОР ЖҮЙЕСІ
Барлық мониторлар бір бренд және бір модель болуы керек.
Bi-amp режимі бар кабинеттер міндетті түрде осы режимде жұмыс істеуі керек.
Сыртқы күшейткішпен жұмыс істейтін мониторлар өндіруші ұсынған күшейткішпен және оның коррекциясымен қолданылуы тиіс.
Стерео мониторларда: сол монитор сол портал жағында орналасуы керек. 2 IEM жүйе қажет — біреуі әртіске, біреуі дыбыс режиссёрына. Қабылдағыштар бүкіл сахна аймағында тұрақты сигнал ұстауы керек.
IEM жүйелері саундчекке дейін толық тексеріліп дайын болуы керек. Егер сахна ені 6 м-ден асса, side-fill (прострелдер) қажет. Олар әртіспен бір деңгейде орналасуы тиіс.
Идеал вариант: L-Acoustics ARCS II немесе Focus/Wide + SB28 (ground stack). Альтернативтер келісім бойынша қарастырылады.
Әртістің микрофоны тек біздің командамен қолданылуы тиіс. Егер бұл мүмкін болмаса, міндетті түрде дыбыс режиссёрымен патч келісу керек. Сахнада talkback үшін кнопкасы бар кез келген динамикалық микрофон, стойка және XLR кабель болуы қажет. Сондай-ақ радиомикрофонға арналған тік стойка (дөңгелек негізбен) қажет. Ол бір қолмен басқарылуы керек (қысқыш механизмі), реттеу бөлігі жоғарыда, микрофон ұстағыштың жанында орналасуы тиіс. Ұсынылатын брендтер: König & Meyer немесе Hercules. Микрофон модельдері (артықшылық): • Shure AD4D / ULXD4D • Shure ADX2/B58 • Shure ULXD2/B58 Бұл модельдер негізгі ұсыныс. Балама өндірушілердің аналогтары дыбыс режиссёрымен келісім бойынша қабылданады.