АВТОКӨЛІК / ЖЕРГІЛІКТІ ТРАНСПОРТ:
2018 жылдан төмен емес, багаж бөлігі бос, представительский класс жеңіл көлік ұсынылуы керек. Қалаулы маркалар: Mercedes, BMW, Lexus.
Қалааралық жол жүру 1 сағаттан асқан жағдайда — люкс класты жұмсақ микроавтобус (кемінде 8 орындық, 2017 жылдан төмен емес, шетелдік өндіріс) және бос багаж бөлімі болуы қажет.
Көлік таза және толық техникалық жарамды болуы тиіс.
Жүргізушілер:
— әртіспен жеке байланысқа түспеуі керек
— қатты музыка қоспауы керек
— команданың әңгімесін дауыстап талқыламауы керек
Міндетті түрде: кемінде 6 жыл тәжірибесі бар, жол ережесін сақтайтын, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тыныққан және демалған кәсіби жүргізушілер болуы тиіс.
Көліктің ішінде міндетті түрде болуы керек:
— бөлме температурасындағы газсыз минералды су — 6 бөтелке
— ылғалды және құрғақ майлықтар
Өкілден басқа бөгде адамдардың көлік салонында болуына рұқсат етілмейді.
Көлік әртіс қалада болған барлық уақыт ішінде оның қарамағында болады және алдын ала менеджермен келісіледі.
Міндетті түрде концерттің алдындағы және келесі күнгі графиктегі қалаларды менеджерден нақтылап алу қажет.
ҚАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ билеттер әрдайым сатып алынбайды. Барлық детальдарды міндетті түрде әртіс менеджерінен нақтылау керек.
Міндетті түрде: сырттағы ауа температурасы +15 градустан жоғары болған жағдайда,әртіс келер алдында көлік іші алдын ала салқындатылып қойылуы тиіс.