ДАЙЫНДЫҚ БӨЛМЕСІ:
Әртіс ұжымының пайдалануына тек өздеріне арналған, кілтпен жабылатын және
күзетілетін грим бөлмесі берілуі тиіс. Грим бөлмесінің кілті ұжым концерт алаңына
келген сәтте табысталады.
Егер грим бөлмесі кілтпен жабылмайтын болса, Ұйымдастырушы тәулік бойы
күзетпен қамтамасыз етуге міндетті.
Грим бөлмесі кең, таза, жақсы желдетілетін, жылы, кемінде 10 адамға арналған
отыратын орны бар болуы тиіс. Сондай-ақ бөлмеде киім ілетін сөре, айна,
еуростандарттағы розетка мен ұзартқыш, қоқыс жәшігі, үтік және үтіктеу тақтасы
(немесе булап үтіктейтін құрылғы), iPhone және Samsung телефондарына арналған
USB кабелі бар адаптер, кейтерингті орналастыруға арналған үлкен үстел болуы қажет.
Грим бөлмесінде темекі шегуге рұқсат етілуі тиіс.
Бөлмеде міндетті түрде қолжуғыш, дәретхана, ыстық және суық су, сондай-ақ қыс
мезгілінде жылыту жүйесі болуы қажет.
Әртіс ұжымының пайдалануына тек өздеріне арналған, кілтпен жабылатын және
күзетілетін грим бөлмесі берілуі тиіс. Грим бөлмесінің кілті ұжым концерт алаңына
келген сәтте табысталады.
Егер грим бөлмесі кілтпен жабылмайтын болса, Ұйымдастырушы тәулік бойы
күзетпен қамтамасыз етуге міндетті.
Грим бөлмесі кең, таза, жақсы желдетілетін, жылы, кемінде 10 адамға арналған
отыратын орны бар болуы тиіс. Сондай-ақ бөлмеде киім ілетін сөре, айна,
еуростандарттағы розетка мен ұзартқыш, қоқыс жәшігі, үтік және үтіктеу тақтасы(немесе булап үтіктейтін құрылғы), iPhone және Samsung телефондарына арналған
USB кабелі бар адаптер, кейтерингті орналастыруға арналған үлкен үстел болуы қажет.
Грим бөлмесінде темекі шегуге рұқсат етілуі тиіс.
Бөлмеде міндетті түрде қолжуғыш, дәретхана, ыстық және суық су, сондай-ақ қыс
мезгілінде жылыту жүйесі болуы қажет.
Саундчек басталғанға дейін грим бөлмесінде төмендегілер дайын тұруы тиіс:
Электр шәйнек;
Газсыз минералды су – 0,5 л көлеміндегі 10 бөтелке;
«Rich» шырыны – 1 л көлеміндегі 3 дана (алма, шие);
Ұлттық сусындар: қымыз, шұбат;
«Sprite» – 5 банка;
«Pepsi» – 5 банка;
«Red Bull» – 5 банка;
«Borjomi» – 4 шыны бөтелке;
Пицца (6 адамға арналған, міндетті түрде халал);
Ет тілімі (6 адамға арналған, міндетті түрде халал);
Ірімшік тілімі (6 адамға арналған);
Балық ассортиі (6 адамға арналған);
Шығыс тәттілері (жаңғақ, пісте, мейіз, кептірілген өрік);
Ұлттық тағамдар: бауырсақ, жент, ірімшік, құрт;
Жеміс тілімі (6 адамға арналған);
«Greenfield» шайы (қара және көк шай);
Ылғалды майлықтар – 1 қаптама;
Бірнеше таза А4 қағазы;
Киім тазалауға арналған ролик;
Winston Xstyle Silver темекісі – 6 қорап;
Зарядталған iQos құрылғысы және TEREA TURQUOISE SELECTION – 3 қорап;
Жаңа, таза, ақ түсті орта көлемдегі түкті сүлгі – 6 дана;
Жаңа, таза, үлкен көлемдегі түкті сүлгі – 6 дана (егер грим бөлмесінде душ
болса);
Мәзір бойынша ыстық тағам (міндетті түрде халал).
Грим бөлмесіндегі кейтеринг әртістер концерт алаңына келгенге дейін толық дайын
болуы тиіс. Барлық сусындар салқындатылған, барлық азық-түлік жаңа, жемістер
жуылған болуы қажет. Сонымен қатар ыдыс-аяқ, сусындарға арналған мұз, майлықтар
және тіс шұқығыштар ұсынылуы тиіс. Кейтеринг швед үстелі қағидасымен
ұйымдастырылып, тек әртіс ұжымына есептелуі қажет.
Әртіс ұжымының сахнаға шығуы күзетілетін қызметтік кіреберіс арқылы жүзеге
асырылуы тиіс