KZ
SAY MO
БЫТОВОЙ РАЙДЕР
Өнер көрсетілімін ұйымдастырмас бұрын райдермен мұқият танысып шығуды сұраймыз.
Райдердің кем дегенде бір шарты орындалмаған жағдайда, әртіс ешқандай
өтемақы төлемей өнер көрсетуден бас тартуға құқылы. Ал алдын ала төленген аванс қайтарылмайды.
Райдерге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар алдын ала әртістің менеджерімен жазбаша түрде келісіліп бекітілуі керек.
ФИНАНС ШАРТТАРЫ:
Өнер көрсету күні 50% алдын ала төлем түскеннен кейін ғана бекітіледі.
Сол уақыттан бастап ұйымдастырушылар жарнамалық материалдарды алып, әртістің шығуын жариялай алады.
Қалған 50% суммасын әртіс өнер алаңына ұшуға бір күн қалғанда әртістің менеджеріне берілу қажет.
Егер іс-шара тапсырыс берушінің бастамасымен кейінге қалдырылса, қалған 50% толық төленуі тиіс.
Егерде Екінші рет кейінге қалдырылған жағдайда,тағы қосымша 50% гонорар төленеді.
ТРАНСПОРТ
Команданың барлық ұшу және жол жүруі алдын ала менеджермен келісіліп жасалуы керек.
Билет алмас бұрын, міндетті түрде кемінде 7 күн бұрын менеджермен келісу қажет.
Егер келісілмесе, менеджер билеттерді ауыстыруды талап етуге құқылы, ал барлық шығынды шақырушы тарап көтереді.
Бару-қайту билеттері іс-шараға дейін кемінде 10 күн бұрын менеджерге жіберілуі керек.
  • ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ:
    • 1 орын — бизнес-класс
    • 18 орын — эконом + (My Seat)
    • Билеттер міндетті түрде қайтарымды болуы тиіс
    Ұшулар тек «Air Astana», «Аэрофлот» әуе компаниялары арқылы қарастырылады. Егер бұл рейстер қолжетімсіз болса — басқа нұсқалар менеджермен келісім бойынша
    қарастырылады.
    Жеке ұшақ болған жағдайда — 20 орын бірінші класс салонында.
    Әртіс және менеджер үшін міндетті түрде VIP-проход (ұшып шығу және келу кезінде).
  • ПОЙЫЗ (Ж/Д ТРАНСПОРТ)
    Люкс және купе вагондары.

    Ұйымдастырушы 19 адамға арналған төсек-орын ақысын және жол барысында туындайтын барлық шығындарды толық өтейді.
    Жол ұзақтығы 10 сағаттан аспауы тиіс.
  • АВТОКӨЛІК / ЖЕРГІЛІКТІ ТРАНСПОРТ
    • 2 Mercedes Sprinter (2020 жылдан төмен емес) немесе
    • 19 адамға арналған 2 минивэн (2022 жылдан төмен емес: Toyota, Lexus, Hyundai, Mercedes)
    Автокөлік таза және техникалық жағынан толық жарамды болуы тиіс.
    Жүргізушілерге тыйым салынады:
    • әртіспен жеке сөйлесуге
    • қатты музыка қосуға
    • команданың әңгімесін дауыстап талқылауға
ГРАФИК КЕСТЕСІ
Ұйымдастырушы әртістің толық келу-кету графигін концерт күнінен кемінде 7 күн бұрын менеджерге келісуге жіберуі керек.
Тапсырыс беруші әртіс қалада болған бүкіл уақытқа жауапты өкіл береді және оныңбайланысын алдын ала менеджерге жібереді.

Өкіл топты вокзалда вагоннан немесе әуежайда келу залында «SAY MO» деген табличкамен қарсы алады.

Шығарып салу: вокзалда — вагонға дейін, әуежайда — тіркеу стойкасына дейін.

Егер іс-шара Қазақстаннан тыс жерде өтсе, ұйымдастырушы бүкіл командаға шексіз интернеті мен байланысы бар жергілікті SIM-карта береді.
Әртіспен барлық байланыс тек менеджер арқылы.
ҚОНАҚ ҮЙ
Командаға бір қонақүйде (кемінде 4*, «люкс» деңгейі) барлық мерзімге алдын ала бронь жасалып, толық төленуі тиіс:
  • Люкс (1 номер):
    Люкс (1 номер):
    • Үлкен екі адамдық төсек
    • Қалың перде (жарық өткізбейтін)
    Бөлмеде міндетті түрде:
    • Әртүрлі гүлдерден жиналған букет (розасыз, монобукет емес)
    • 2 халат
    • Бір реттік тапочкалар (4 жұп)
    • Tassay суы — 10 бөтелке (0,5 және 0,25 л)
    • Жаңа жидектер (құлпынай, шие, черешня, малина)
    • Ring light
  • Стандарт (1 бөлмелі, 3 номер):
    • Екі адамдық төсекпен
    Барлық команда бір қонақүйде, бір қабатта, бір броньмен орналасуы керек. Бұл міндетті талап.
  • Стандарт екі бөлмелі нөмірлер (8 нөмір)
    • Бөлек төсектермен.
Жалпы талаптар:
— Кондиционер
— Қыста — жылыту
— Толық төленген мини-бар
— Wi-Fi төленген
— Минералды су
— Телефон, телевизор
— Жұмыс істейтін душ/әжетхана (ыстық сумен)
— Таза төсек пен сүлгілер
ТАМАҚТАНУ
Суточные: командаға — 1000$/күн.
Барлық суточные қалаға келуден 1 күн бұрын тур-менеджерге беріледі.
Орнында тамақ ұйымдастырылмайды — команда өз қалауымен тамақтанады.
ҚАУІПСІЗДІК
Барлық уақыт бойы кәсіби күзет болуы керек: гримёрка, сахнаға шығу, сахна алды.
Гримёркаға бөгде адамдар тек менеджердің рұқсатымен ғана кіреді. Қажет болса, қауіпсіздік күшейтілуі мүмкін.
ГРИМЕРНАЯ КОМНАТА
Гримёрка алдын ала дайын, құлыпталатын болуы керек. Кілт менеджерде/тур-менеджерде болады.
Ұйымдастырушы 3 (үш) бөлек гримерлік бөлме ұсынуға міндетті: әртіске бөлек, негізгі
командаға бөлек. Барлық гримерлік бөлмелер бір-бірінен бөлек, толық жабдықталған
және өнер көрсетуге дайындалуға ыңғайлы жағдай жасалған болуы керек.
Make-up және визажистке: 100 000 тг (тур-менеджерге беріледі).
Гримёркада болуы тиіс:
— 220V розетка
— Әжетхана
— Электр шәйнек
— Tassay суы (10 бөтелке, 0,5 / 0,25 л)
— Табиғи шырын (1 л — 5 дана, әртүрлі
— Red Bull — 10 банка (0,25 л)
— Жеміс ассорти
— Қара шай
— Сүт, лимон, бал, қант
— Құрғақ және ылғалды салфеткалар
— Ring light

DJ үшін орынға әртістің трек-листін алдын ала шығарып қою керек.
Гримёркада темекі иісі болмауы керек, алдын ала тексеріледі.
Сахнаға шығу жолы толық бос болуы тиіс (кіру/шығу кезінде). Бұл жерде тек артист пен заказчик болуы керек.
Пресса, ұйымдастырушылар және басқа адамдарға гримёркаға кіруге қатаң тыйым салынады.
Әртіс тек қызметтік кіреберіс арқылы, кемінде 2 күзетпен кіреді (біреуі алдында, біреуі артында).
Гримёрка есігінің алдында үнемі 1–2 күзет болуы керек.
Репетиция, сахна, бэкстейдж — тек аккредитациясы бар адамдарға рұқсат.
Маңызды:
— Жазда +15° жоғары болса — гримёрка алдын ала салқындатылуы керек
— Қыста — бөлме жылы болуы керек
Барлық талаптарды қамтамасыз ету — ұйымдастырушының міндеті. Бір позиция жетіспесе — жауапкершілік ұйымдастырушыда.
РЕКЛАМНАЯ КАМПАНИЯ
Афиша «SAY MO» атымен міндетті түрде менеджермен келісіліп жасалады. Тек ресми фото/логотиптер қолданылады.
Егер әртіске афиша ұнамаса — менеджер өз дизайнерін қосуға құқылы (шығынды ұйымдастырушы төлейді).
Видео-приглашения жасалмайды.
Интервью, ТВ, радио — бәрі менеджермен келісім арқылы.
Спонсорлық активтерге қатысу — бөлек келісіммен.
Әртістің аты/бейнесі жазбаша келісімсіз еш жерде қолданылмайды.
Ереже бұзылса: 500$ штраф немесе концерттен бас тарту (аванс қайтарылмайды).
ФОТО, ВИДЕО ТYCIPIЛIM
Кәсіби фото/видео түсірілім міндетті.
БАҚ тізімі менеджермен келісіліп бекітіледі.
Қажет болса, біздің операторларға толық қолжетімділік берілуі керек.
ШАҚЫРУ БИЛЕТТЕРI
Менеджер әр концертке дейін 20 invite билет сұрауға құқылы.
Клуб болса — VIP аймақта кемінде 6 орындық үстел бронь жасалады.

Міндетті турде:
— Ұзындығы кемінде 5 м автоматты опахало
— Концерт алдында Рим папасының батасы

ЖАУАПКЕРШІЛІК
Әртіс көрсетілім өтпей қалған жағдайда жауап бермейді (егер себеп өзінен болмаса).
ФОРС-МАЖОР
Форс-мажор — алдын ала болжауға болмайтын жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, рейс ауысуы және т.б.).
  • Әртіс ауырса — дата ауыстырылады (менеджермен келісіп).
  • Рейсқа кешігіп, концерт болмаса — 100% гонорар + билеттер 10 күн ішінде қайтарылады.
  • Мүлік жоғалса/бұзылса — толық өтеледі (10 күн ішінде).
  • Моральдық/физикалық/материалдық зиян болса — 100% гонорар көлемінде өтемақы төленеді.
Ұйымдастырушы себепті отмена — гонорар толық әртісте қалады.
Дата ауысса — қалған гонорар толық төленеді.
Талаптарды түсіністікпен қабылдағандарыңыз үшін рақмет!
Ұзақ әрі сәтті жұмысқа үміттіміз!
ТЕХНИКАЛЫҚ РАЙДЕР
МАҢЫЗДЫ ӨТІНІШ!
Райдермен танысып шыққаннан кейін, техникалық топтың өкілі барлық сұрақтарды
нақтылау және техникалық ұсыныстарды талқылау үшін әртістің дыбыс режиссёрымен байланысуы керек.
Райдерді келісу тек электронды пошта / Telegram / WhatsApp арқылы жүзеге асырылады


ТИМУР / ДИРЕКТОР
+7 707 906 91 73

ИЛЬЯ / ЗВУКОРЕЖИССЁР
+7 707 634 47 56
(WhatsApp / Telegram)
КІРІСПЕ. МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ.
Бұл құжатта әртістің концертін техникалық дайындау және өткізуге қатысты барлық
қажетті ақпарат берілген. Барлық талаптар міндетті түрде орындалуы тиіс. Техникалық
райдерді сақтау — іс-шараның сәтті өтуінің негізгі шарттарының бірі.

Райдер талаптары орындалмаған жағдайда, әртіс басқа жағдайларға қарамастан өнер
көрсетуден бас тартуға құқылы.

Егер райдердің қандай да бір тармағын орындау мүмкін болмаса, бұл туралы концертке
дейін кемінде 7 күн бұрын топтың дыбыс режиссёрына хабарлауыңызды сұраймыз.
Курсивпен, түспен немесе қалың әріппен белгіленген тармақтарға ерекше назар
аудару қажет.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет, нәтижелі әрі сәтті ынтымақтастыққа
үміттіміз!
1. SOUNDCHECK
Саундчектің стандартты ұзақтығы — 1 сағат, бірақ алаңның дайындығына және басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Саундчек барысында сахна техниктерінің толық қатысуы міндетті.
Барлық жабдықты орнату және қосу (коммутация) саундчек басталғанға дейін толық
аяқталуы тиіс.
P.A. жүйесінің жиілік және фазалық баптауы, барлық ақауларды анықтау және жою,
сондай-ақ ЛАЙН-ЧЕК әртіс пен дыбыс режиссёры келгенге дейін жасалуы керек.
Саундчек кезінде кез келген фото немесе видео түсірілімге қатаң түрде тыйым салынады!
2. STAGE
Сахна беті құрғақ, таза және таймайтын болуы керек. Жарықшақ, тесік немесе шығып тұрған жерлер болмауы тиіс.
Сахнаның ортасынан кабельдер немесе сымдар өтпеуі керек.
Сахнаға шығу екі жақтан да баспалдақ арқылы жасалады.
3. P.A. СИСТЕМА
Жүйе залдың көлеміне сай болып, бүкіл залды бірдей естілетіндей қылып жабуы керек.
P.A. жүйесі сахнаның артында тұрмауы керек және залға шашылып қойылмауы тиіс.
Алдыңғы қатар мен ең артқы орындарға да жақсы естілуі керек. Ол үшін Front-fill / In-fill қажет, үлкен зал болса — Delay және Out-fill қойылады.
Жүйе саундчекке дейін толық бапталып тұруы керек (инженер орнатады).
Ұсынылатын брендтер: L-Acoustics, D&B, Meyer Sound, JBL (VTX ғана)
Сабвуфер бөлек каналмен FOH-тен басқарылады. Төмен жиілікке (басқа) ерекше көңіл бөлінеді.
4. FOH
Тек цифрлық пульт керек. iPad арқылы ғана басқарылатын пульт жарамайды.
Рұқсат етілетін пульттер:
• Midas M32
• Yamaha CL / QL
• Allen & Heath dLive (Dante бар)
FOH жанында:
• 4 розетка 220V
• Wi-Fi (сахнамен байланыс тұрақты болуы керек)
• 1× жұмыс үстелі (1×1 м)
• Talkback микрофон (қосу/өшіру батырмасы бар)
5. МОНИТОРИНГ
  • 2× монитор (Артист үшін, сол/оң)
• 2× монитор (DJ үшін)
• 2× монитор (гитара/барабан)
Барлығы бір бренд, бір модель болуы керек.
IEM (құлақ монитор):
• 4× жүйе (Shure PSM900/1000 немесе Sennheiser G3/G4)
• сыртқы антенна міндетті
  • Сахна кең болса (6 м+) — қосымша side-fill керек.
6. АРТИСТ
• 1× тік стойка (радио микрофонға)
• 1× журавль стойка (резерв микрофон)
• 2× Shure Axient / ULXD / QLXD радио микрофон (Beta 58A)
• 4× жаңа AA батарея (Duracell)
7. DJ
• Контроллерге стол немесе стойка
• 4 розетка 220V
• 2× DI-box (stereo)
• 2× монитор столдың екі жағына қойылады
8. ГИТАРА
• 2× гитара стойка (биік)
• 2× Jack кабель (5–6 м)
• 1× розетка удлинитель (5 орын)
• 2× DI-bo
9. БАРАБАНЫ
Ұсынылатын комплект - Yamaha Recording Custom немесе DW, бочка 20” және 22”.
Кіші барабан 14×8, 14×4 және 13×6.
Ілулі том 10”.
Төменгі том 14” немесе 16”.
Тарелкалар: хай-хэт 14”, крэш 16”, крэш 18”, райд 20”, чайна 16” немесе 18”.
Hi Hat Sabian AAX немесе Zildjian K, Crash Sabian AAX немесе Zildjian K 16” және 18”,
Ride Sabian AAX немесе Zildjian K.
Қос кардан педаль.
Винттік орындық.
Толық микрофондау (подзвучка) жиынтығы.
5 розеткалы удлинитель.
Барабанға арналған коврик.
Барабандарды микрофондау (подзвучка).
10. ЭФФЕКТЫ
• 4× CO₂ крио пушка (толық баллон, жұмыс істейтін)
• 1× конфетти машина (gold, 2 рет)
11. СВЕТ
  • Сахнаға статикалық, контровой және динамикалық жарық бере алатын толық жарық керек
12. ПЕРСОНАЛ
• FOH дыбыс инженері
• Сахна технигі
• Жарық маманы
• FX технигі